үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ЕҚЫҰ: ынтымақтастықты нығайту

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ЕҚЫҰ: ынтымақтастықты нығайту

15
0

437 Арман

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ЕҚЫҰ: ынтымақтастықты нығайту

Бас прокуратурада Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы Нұрдәулет Сүйіндіков Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның мақсаты шетелдік әріптестермен қылмыстық-құқықтық салада ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде озат тәжірибемен алмасу, оқыту іс-шараларын өткізу болып табылады.

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ЕҚЫҰ: ынтымақтастықты нығайту

Әңгіме барысында Н.Сүйіндіков Қазақстанда адам құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, Бас прокуратураның бастамалары, оның ішінде азаптауларға қарсы іс-қимыл мәселелерін атап өтті.

Өз кезегінде Ю.Фенопетов мырза Қазақстанның қабылдаған шараларын оң атап өтіп, қадағалау органының ұсыныстарын қолдады.

Кездесу қрытындысы бойынша тараптар орын алған диалогқа қанағаттанушылықтарын танытып, келешектегі бірлескен қадамдарды белгіледі.

Источник: dknews.kz