үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай шет тілдер университетінде болды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай шет тілдер университетінде болды

18
0

325 Арман

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай шет тілдер университетінде болды

Шанхай шет тілдер университеті (ШШТУ) басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов аталған оқу орнына барып, ШШТУ Ректоры Ли Янсунмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай шет тілдер университетінде болды

Аталған кездесу барысында екіжақты ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі кеңейту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Шанхай шет тілдер университеті арасында тығыз байланыс орнатуға келісті.

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай шет тілдер университетінде болды

Шанхай шет тілдер университетінде Қазақстанның Бас консулы осы университеттегі «қазақ тілі» мамандығы бойынша оқитын қытайлық студенттер арасында қазақ тілінде мәнерлеп оқу бойынша алғашқы жарысқа қатысты. Аталған іс-шара барысында қытайлық студенттер Қазақстан мен Қытайдың әйгілі әдеби шығармаларынан үзінділерді қазақ тілінде мәнерлеп оқыды. Қазақ тілінде мәнерлеп оқу бойынша жарыс соңында қатысқан қытайлық студенттерге грамоталар табыс етілді. Жалпы, ШШТУ оқытушылар мен студенттер осындай тілдік конкурстарды өткізудің практикалық пайдасын атап өтті, сондай-ақ келешекте түрлі екі жақты ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай шет тілдер университетінде болды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай шет тілдер университетінде болды

Шанхай шет тілдер университеті 1949 жылы құрылған және әртүрлі шет тілдерін оқытатын Қытайдағы ең ірі мемлекеттік оқу орындарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, ШШТУ-де 2015 жылдан бастап қазақ тілін үйрену, сондай-ақ түрлі ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу мәселелерімен айналысатын Қазақстан орталығы жұмыс істейді.

Источник: dknews.kz