үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның визасыз саясаты қытайлық туристерді қызықтырады

Қазақстанның визасыз саясаты қытайлық туристерді қызықтырады

22
0

269 Awrora

Қазақстанның визасыз саясаты қытайлық туристерді қызықтырады

Биылғы Қытай жаңа жылына бір күн бұрын Ся Цзиньцзинь өзіне туристік бағыт жасап, Чэндудан Алматыға ұшып барып, сол жақтан Грузияға қарай аттанды.

Бұл оның саналы түрде таңдаған жолы. «Алматыда қытайлық туристер үшін визасыз режим бар, сондықтан Алматыдан ұшақ ауыстырып, уақытты тиімді пайдаланып, қаланың көрікті жерлерін аралауға болады». Ся Цзиньцзинь: «Ұшақтағы адамдардың жартысы қытайлықтар болуы керек. Менің достық шеңберімде Алматыға келіп саяхаттайтындар немесе Алматы арқылы Түркияға немесе Тәжікстанның астанасы Душанбеге жол тартатындар көп», — дейді.

Алматыда болған 10 сағат ішінде Ся Цзиньцзинь қаланың көрікті жерлерін аралады.

Қазақстанның визасыз саясаты қытайлық туристерді қызықтырады

Қазақстанның көші-қон қызметі комиссиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 8 шілдеден бастап Қазақстан Қытай, Үндістан сияқты елдердің азаматтары үшін ең ұзақ мерзімі 14 күн болатын біржақты визасыз жүйені енгізген болатын.

«Алма қаласы»

Гуанчжоулық саяхатшы блогер Сяоян Шыңжаңда шаңғы теуіп жүргенде биылғы көктемгі фестивальді Қазақстанда өткізу туралы ой келеді. Сөйтіп ол мерекені Қазақстанда өткізеді.

«Басында шетелге шығу ойымда болмады. Себебі Шыңжаңның солтүстігінде шаңғы тебуді жоспарладым. Қазақстанға визасыз баруға болатынын білгеннен кейін, сондай-ақ Шыңжаңнан Қазақстанға жол жүру ыңғайлы болғандықтан осы сапарды жоспарладым. Карантин талабы жеңілдегендіктен шетелге шығайын деп жоспар құрдым», — деді Сяоян қуанышын жасыра алмай. Бұл оның 3 жылдан бері алғаш рет шетелге шығуы.

Сяоян Қорғас құрлық шекарасы арқылы өтіп, Алматыға барды.

Сяоян шаңғы спортын жақсы көргендіктен Алматыға деген көзқарасы бөлекше болды. «Мұнда Азиядағы ең биік және ең үздік тау шаңғысы курорттары бар. Алматыдағы тау шаңғысы курорттарының құрылғылары мен жабдықтары сапалы, қар жолдары ерекше әрі оған дәмді тамақты қосыңыз. Сондай-ақ жылы ауа райы мен әсем табиғатта демалып, тамаша сезімге бөлендім», — деді ол.

Сяоянның айтуынша, Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматының тарихи тамыры тереңде жатыр. Сонымен қатар Алматыда тауардың бағасы ел ішімен салыстырғанда төмен.

Қазақстанның визасыз саясаты қытайлық туристерді қызықтырады

Сарапшы: Орталық Азиядағы туризмнің даму әлеуеті жоғары

2022 жылдың соңына қарай Қазақстан визасыз елдердің тізімін 80-ге арттырды.

Биыл қаңтарда Сиань Алматы қаласы мен Қырғызстанның астанасы Бішкекке халықаралық тікелей әуе рейсін ашты.

Сондай-ақ Чэнду Алматы мен Астана (Қазақстанның астанасы) қалаларына тікелей рейстер ашты.

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3,4 млн-нан асып, өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсті.

Қытай Халық университеті Еуразиялық зерттеулер институтының атқарушыдеканы Сю Циньхуа CBN журналистеріне Орталық Азиядағы туризм индустриясының даму әлеуеті жоғары екенін, қатысты саясаттарды атқару өте маңызды екенін атап өткен болатын. 

«Халық Газеті»

Источник: dknews.kz