үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның Қытайдағы Елшісі ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасымен кездесті

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасымен кездесті

22
0

361 rob

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасымен кездесті

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы (Министр деңгейінде), Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Біртұтас майдан бөлімі меңгерушісінің орынбасары Пань Юэмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар ұлтаралық және конфессияаралық келісімді дамыту және нығайту саласындағы екі елдің мемлекеттік саясатымен өзара таныстырып, Қазақстан мен Қытайдың бейінді ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасымен кездесті

Ш.Нұрышев сұхбаттасушыны «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған елімізде болып жатқан саяси реформалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттандырды. Қазақстандық дипломат ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы айтып берді.

Елші екі ел арасында қазақ ұлтты ҚХР азаматтарының еркін сапарларына қолайлы жағдайлар жасау, мәдени-гуманитарлық алмасуларды қалпына келтіру қажеттігіне ерекше назар аударды. Ол қазақстандық тараптың қандастарға ҚР жоғары оқу орындарында оқу үшін стипендиялар бөлуге, түрлі фестивальдар, мәдениет күндері және екі елдің әртістері мен ұлттық шығармашылық ұжымдарының гастрольдерін ұйымдастыруға дайындығын атап өтті.

Өз тарапынан Пань Юэ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістерге, еліміздің теңдестірілген сыртқы саясатына, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларына, сондай-ақ Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының қазіргі деңгейіне жоғары баға берді. Ол қазақстандық тараптың ұсыныстарын қолдап, олар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға әзір екендігін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша пандемия кезінде шекараның екі жағында қалған отбасылардың бірігуіне жәрдемдесуге, екі ел арасындағы мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайту мақсатында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда «достық пен ынтымақтастықтың алтын көпірі» ретінде қандастардың әлеуетін кеңінен тартуға, қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру үшін бейінді ведомстволар арасында тікелей байланыстар орнатуға келісті.

Источник: dknews.kz