үй Әлем жаңалықтары «Азия-Бипэк АВТО» сыбайлас жемқорлық жанжалы: тергеу мәліметтері

«Азия-Бипэк АВТО» сыбайлас жемқорлық жанжалы: тергеу мәліметтері

33
0

1199 Арман

"Азия-Бипэк АВТО" сыбайлас жемқорлық жанжалы: тергеу мәліметтері

Фотосурет: Kolesa.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі «Азия-Бипэк АВТО» директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкинге, «Азия АВТО» АҚ бас директоры Ерик Сағымбаевқа және компаниялар тобының топ-менеджерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақшалай қаражатты А.М. Балушкин мен Е. Е. Сағымбаев банктік қарыздарды өтеуден және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында жымқырған. Сонымен қатар, ұрланған ақша өндірісті 50% локализациялау шартымен автокөлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру зауытын салуға арналған болатын.

Ақша қаражатын алу банктегі кепілдегі тауарларды бақылаудағы компанияларға қайта ресімдеу, сондай-ақ «Азия-Бипэк АВТО» компаниялар тобының қызметкерлеріне жалған сыйлықақылар беру және БАӘ компаниясымен жалған келісімшарт жасасу арқылы жүзеге асырылды.

Қаулыны жариялауға және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу үшін күдіктілер Балушкин мен Сағымбаевқа 2023 жылғы 5 мамырға дейінгі мерзімде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік ғимаратына келу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін күдікті А.Балушкинді а.ж. 10 ақпанында Қаржылық мониторинг агенттігі жауап алу үшін шақырған болатын, алайда белгіленген уақытта ол келмеді және келуге кедергі келтіретін себептер туралы хабарламады.

Источник: dknews.kz