үй Әлем жаңалықтары БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы: Қазақстан қандай рөл атқарды?

БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы: Қазақстан қандай рөл атқарды?

25
0

1176 Арман

БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы: Қазақстан қандай рөл атқарды?

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану жөніндегі комиссиясының жыл сайынғы сессиясында өз төрағалығын сәтті аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ағымдағы сессия БҰҰ Қарусыздану комиссиясының үш жылдық жұмыс циклін қорытындылады. Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллиннің төрағалығымен Комиссия 2017 жылдан бері алғаш рет ғарыш кеңістігінде қарулану жарысын алдын алу саласындағы сенім мен ашықтық шараларын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша ұсынымдар қабылдауға қол жеткізді.

БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы: Қазақстан қандай рөл атқарды?

Комиссия Бюросының құрамына Аустралия, Аргентина, Бурунди, Намибия, Ресей, Таиланд және Украина өкілдері төраға орынбасарлары ретінде кірді. Ямайка мен Мажарстан өкілдері Комиссия шеңберінде сәйкесінше I (Ядролық қарусыздану) және II (Ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздік) жұмыс топтарының төрағалары қызметін атқарды.

БҰҰ-ға мүше мемлекеттер әлемдік ұйымның маңызды органының компромисстік шешімдер қабылдауын қамтамасыз ете алған қазақстандық төрағалықтың белсенді жұмысын жоғары бағалады.

БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы – Бас Ассамблеяға бағынатын консультативтік-кеңесші орган және оның қызметі қарусыздану саласындағы әртүрлі проблемаларды қарастыру мен ұсыныстар жасауды қамтиды. Комиссия жыл сайын сәуір айында үш апта бойы жиналады және өз жұмысын пленарлық отырыстар мен жұмыс топтары арқылы жүргізеді.

Источник: dknews.kz