211 Awrora

Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы челленджер жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің чемпионы атанды.
Әлемнің 247-ракеткасы Жукаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық, 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, алға кетті – 4:2. Допты қатты беретін Б. Бейбіт ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Жукаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.

Источник: dknews.kz






