үй Әлем жаңалықтары Бейжіңде екі ел арасындағы халықтық дипломатияны дамыту мәселелері талқыланды

Бейжіңде екі ел арасындағы халықтық дипломатияны дамыту мәселелері талқыланды

30
0

149 rob

Бейжіңде екі ел арасындағы халықтық дипломатияны дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы Тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі қытай комитетінің Бас хатшысы Чжэн Вэймен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегі туралы жан-жақты пікір алмасып, сонымен бірге 2023-2024 жж. кезеңінде келе жатқан Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы (ШЫҰ) төрағалығы аясындағы әрекеттесу сұрағы талқыланды.

Бейжіңде екі ел арасындағы халықтық дипломатияны дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Елшісі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және «Шанхай рухы» қағидаттарын кеңінен насихаттаудағы халықтық дипломатияның ерекше рөлін атап өтті.

Ш.Нұрышев алдағы қазақстандық ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде Қазақстанның мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытуға, ақпараттық кеңістіктегі имиджді нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендігін білдірді.

Өз кезегінде ШЫҰ аясындағы Тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі қытай комитетінің басшысы Қазақстанның ұйымда төрағалығын қолдауға дайын екенін жеткізді. Чжэн Вэй қазақстандық дипломатты Комитет жоспарлаған халықтық дипломатия форумы, балалар суреттері көрмесі, дәстүрлі медицина форумы, ШЫҰ халықаралық марафоны мен кинофестивалі сияқты білім беру және денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралары туралы хабардар етті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ШЫҰ аясындағы өзара ықпалдасудың түрлі мәселелері бойынша тығыз байланыста болуға, бірлескен жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен пікірлермен алмасуға уағдаласты.

Источник: dknews.kz