үй Әлем жаңалықтары Британдық дипломат Қазақстандағы реформаларға қолдау білдірді

Британдық дипломат Қазақстандағы реформаларға қолдау білдірді

0

496 Арман

Фотосурет: Ж. Жұмабеков/Мәжілістің Баспасөз қызметі

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэтрин Джейн Личті қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Британдық дипломат елде жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, жаңа өкілеттіктері бар шынайы «Ықпалды парламент» құруға сәттілік тіледі.

Соңғы 30 жылда елдеріміз арасында жемісті саяси диалог құрдық әрі берік құқықтық база қалыптастырдық. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық орнаттық. Мұның бәрі Қазақстан-Британ қарым-қатынасын стратегиялық әріптестік деңгейіне шығаруға мүмкіндік берді. Ерлан Қошанов

Кэтрин Джейн Лич екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бөлігі парламентаралық диалог болатынын атап өтті. Ұлыбритания Парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық топ жұмыс істейді. Мәжілісте де құрамына депутаттар кіретін Біріккен Корольдікпен достық тобы құрылуда.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version