үй Әлем жаңалықтары Брюссельдегі келіссөздер: Қазақстан мен Бенилюкс ынтымақтастық көпірлерін салуда

Брюссельдегі келіссөздер: Қазақстан мен Бенилюкс ынтымақтастық көпірлерін салуда

52
0

148 Awrora

Брюссельдегі келіссөздер: Қазақстан мен Бенилюкс ынтымақтастық көпірлерін салуда

Фотосурет: Gov

Брюссельде Бенилюкс одағы мемлекетаралық ұйымымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Бенилюкс Одағының Бас хатшысы Франс Уикерспен және оның орынбасарлары Мишель-Этьен Тилеманспен және Жан-Клод Мейермен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Бенилюкс Одағы Хатшылығының өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын талқылады. Қазақстанның еуропалық бағыттағы басымдықтарына, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Брюссельдегі келіссөздер: Қазақстан мен Бенилюкс ынтымақтастық көпірлерін салуда

Әңгімелесу барысында Бас хатшы Ф. Уикерс Қазақстан Елшісін Бенилюкс елдері контекстіндегі ынтымақтастық форматтарымен таныстырды. Одақ хатшылығының басшылығы үкіметаралық және парламентаралық форматтағы ынтымақтастық туралы да айтты. Әңгімелесушілер Бенилюкс елдерінің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл тәжірибесін бөлек талқылады.

Өз кезегінде М. Баймұхан шетелдік әріптестерін Орта дәліз халықаралық көлік дәлізінің дамуы, сондай-ақ Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттары туралы хабардар етті. Осы тұрғыда Қазақстанда жасыл сутегін өндіру жобасы Одақ хатшылығының басшылығы арасында айтарлықтай қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары туралы айтты. Еуроодақ пен Орталық Азия арасындағы көліктік байланыстар бойынша қаңтарда Брюссельде орфн алған Инвесторлар форумының қорытындыларына ерекше назар аударылды, оның барысында Еуропалық Одақ Орталық Азиядан ЕО-ға көлік дәлізін дамытуға 10 миллиард еуроға дейін инвестиция тартуға ниетті екені жарияланды. 

Брюссельдегі келіссөздер: Қазақстан мен Бенилюкс ынтымақтастық көпірлерін салуда

Кездесу соңында Қазақстанның Елшісі Ф. Уикерсті ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанда өтетін халықаралық Астана форумына қатысуға шақырды.

Бенилюкс Одағы Еуропалық Одақтың ЖІӨ-нің шамамен 8% құрайды және Бельгия мен Нидерланды Корольдіктерін, сондай-ақ Люксембург Ұлы Герцогтігін біріктіреді. Ұйым 1944 жылы 5 қыркүйекте құрылды. Саяси-экономикалық одақ бастапқыда кедендік кедергілерге және адамдардың, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Қазіргі уақытта Бенилюкс Одағы ұйымының қызметі кеңірек тақырыптарды қамтиды, оның ішінде тұрақты даму, қауіпсіздік, энергетика, көлік және т.б.

Источник: dknews.kz