үй Әлем жаңалықтары Бурак Өзчивит пен Фахрийе Эвджен зілзаладан зардап шеккендерге 32 мың доллар аударды

Бурак Өзчивит пен Фахрийе Эвджен зілзаладан зардап шеккендерге 32 мың доллар аударды

19
0


                Бурак Өзчивит пен Фахрийе Эвджен зілзаладан зардап шеккендерге 32 мың доллар аударды

Фото: ғаламтордан

Түркияның танымал жұлдызды жұбы осынау қайғылы күндерде халықпен бірге екенін көрсетіп, қайырымдылық жасады. 

Алматы, NEGE. Жер сілкінісі болған аймаққа қаржылай да, материалдық тұрғыда да көмек қолын созуды тоқтатқан жоқ.  Қазақстандық көрермендерге «Өшпес махаббат», «Үзілген жапырақтар» сериалдары арқылы танымал актерлар Бурак Өзчивит пен жары Фахрийе Эвджен зілзала болған аймаққа 32 мың доллар бөлген. Бұдан бөлек ерлі-зайыптылар бір жүк көлігі толы киім-кешек пен азық-түлік жібергенін түркиялық БАҚ жарыса жазған болатын.

Сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып Түрік халқын бір болуға, бұл қайғыны бірлесіп жеңуге шақырған.

Бурак пен Фахрийе 2013 жылы танысып, «Бозторғай» сериалында басты рөлде бірге ойнайды. Осыдан кейін араларында сезім оты тұтанып, 2017 жылы отбасын құрады. Жақында жұлдызды жұптың екінші ұлдары дүниеге келді. Оларды көрермендер Түркияның ең танымал әрі жарасымды жұбы деп атайды.

Источник: nege.kz