174 Арман

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев көрнекті саясаткер және экономист, Чехияның экс-президенті Вацлав Клауспен кездесті. Әңгіме барысында халықаралық және ішкі саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Чехияның талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстандағы ағымдағы жағдаймен және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформалардың барысымен егжей-тегжейлі таныстырды. Атап айтқанда, референдум аясында қабылданған ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, сайлау заңнамасындағы прогрессивті жаңалықтарды атап өтті. Экономикалық өсуді ынталандыру шаралары және Ұлттық әл-ауқатты жақсарту жөніндегі басқа да маңызды қадамдар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген кең көлемді сұхбатының негізгі тұстарымен таныстырды.
В. Клаус Қазақстанның жаһандық және өңірлік деңгейде қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады және қазақстандық талдау орталықтарымен өзара іс-қимыл орнатуға қызығушылық білдірді.
Источник: dknews.kz






