204 Арман

ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы – Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Руслан Қоспанов Мекке қаласындағы Дүниежүзілік ислам лигасының штаб-пәтерінде болып, ДИЛ Бас хатшысының орынбасары доктор Мұхаммед әл-Мадждуимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік ислам лигасы арасындағы өзара іс-қимыл жолдарын, оның ішінде дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайту, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері шеңберінде қабылданған бастамаларды ілгерілету жолдарын талқылады.
Доктор М. Әл-Мадждуи түрлі діндер өкілдері арасындағы диалогты жолға қоюдағы, толеранттылық пен бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін ілгерілетудегі Қазақстанның жетекші рөлін атап өтіп, Лиганың Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.
Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат ВИЛ Бас хатшысының орынбасарын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында баяндаған Қазақстанның одан әрі дамуы жөніндегі негізгі тезистерімен таныстырды.
Өз кезегінде, ДИЛ Бас хатшысының орынбасары қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған құқықтық қоғам құру және кешенді әлеуметтік-саяси реформаларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан басшылығы курсының негізгі бағыттарына жоғары баға берді.
Источник: dknews.kz






