үй Әлем жаңалықтары Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі үлесін жоғары бағалады

Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі үлесін жоғары бағалады

0

795 Арман

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Кунио Микуриомен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында кедендік әкімшілендірудің озық тәжірибелері, сондай-ақ Қазақстанның кеден саласындағы жетістіктері талқыланды.

Сонымен қатар, Бельгия Корольдігінің кедендік әкімшілендіру тәжірибесі зерттелді, теңіз порттарын басқару тәжірибесімен алмасу жүргізілді.

Кунио Микурия Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі, сондай-ақ Қазақстан жүргізіп жатқан кеден бекеттерін жаңғырту мен кедендік әкімшілендірудегі үлесін жоғары бағалады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version