үй Әлем жаңалықтары Джидданың сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді

Джидданың сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді

11
0

129 Арман

Джидданың сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Жидданың Сауда-Өнеркәсіп палатасының Басқарма Төрағасы Мұхаммед Юсеф Нағимен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корольдік арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстандық дипломат шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай мен экожүйе құруға бағытталған ҚР Президентінің ағымдағы реформалары мен жаңа бастамалары туралы айтып берді.

Б.Арын екі мемлекет арасында Flynass саудтық авиакомпанияның тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Сауд Арабиясының іскер топтарының өзара іс-қимылын жандандыруға қосымша серпін беретінін, сондай-ақ өзара туристік ағымды ұлғайтуға жол ашатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Елші өткен жылы Корольдіктің жетекші қалаларында өткізілген туристік роудшоулардың арқасында Қазақстанға туристік мақсаттарда келген Сауд Арабиясы саяхатшыларының саны ковидке дейінгі кезеңмен салыстырғанда он есе артқанын айтты.

Сауд азаматтары үшін Қазақстанды жаңа және перспективалы туристік бағыт ретінде ілгерілетудің осы табысты тәжірибесінің негізінде үстіміздегі жылғы мамыр айында туркомпанияларды, қонақүйлер бизнесінің өкілдерін, жергілікті авиакомпаниялар мен мүдделі бизнесмендерді тарта отырып, Жидда СӨП жанында кезекті роудшоу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Джидданың сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді

Сонымен қатар, кездесу барысында Елші Жидда СӨП басшылығының қарастыруына туризм, ауыл шаруашылығы, энергетика және т. б. салалардағы бірқатар инвестициялық жобаларды табыстады.

Өз тарапынан Мұхаммед Нағи сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін жоғары бағалап, Жидда СӨП атынан іскерлік байланыстарды нығайтуға барынша жәрдемдесуге дайын екеніне сендірді.

Жидда СӨП — Корольдіктің ең ірі және тарихы ұзақ сауда-өнеркәсіп палаталарының бірі. Ол 1946 жылы Король жарлығымен құрылған. Палатаның салалық кеңестері 191 тұрақты мүшеден тұрады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Палата 65-тен астам отырыстар, конференциялар мен семинарлар өткізді. Салалық кеңестер Жидда экономикасының жеті негізгі секторын қамтиды: сауда; логистика; өнеркәсіп; туризм және мәдениет; урбанизация; білім; денсаулық сақтау.

Источник: dknews.kz