үй Әлем жаңалықтары Джиу-джитсу комбинатынан Қазақстан құрамасы Жеңісті атап өтуде

Джиу-джитсу комбинатынан Қазақстан құрамасы Жеңісті атап өтуде

131
0

168 Awrora

Джиу-джитсу комбинатынан Қазақстан құрамасы Жеңісті атап өтуде

Фотосурет: Gov

10-12 қараша күндері Даугавпилс қаласында (Латвия) өткен комбат джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды.

Жарысқа жер-жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының 80 спортшысы бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Джиу-джитсу комбинатынан Қазақстан құрамасы Жеңісті атап өтуде

Жасөспірімдер арасындағы Граунд Файт бағдарламасында жерлестеріміз 6 алтын, 5 күміс және 6 қола жүлдеге ие болса, ересектер арасындағы сайыста отандастарымыз 6 алтын, 4 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды. Клосс контакт бойынша өткен жекпе-жекте жасөспірімдер – 6 алтын, 6 күміс және 4 қола, ересектер – 9 алтын, 8 күміс және 8 қола, Cелф жарысында 2 алтын, 5 қола медаль олжалады. Ал Фулл контакт бағдарламасында жасөспірімдер – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола, ересектер – 11 алтын, 9 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді.

Джиу-джитсу комбинатынан Қазақстан құрамасы Жеңісті атап өтуде

Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Украина, үшінші сатыға Қырғызстан спортшылары жайғасты.

Джиу-джитсу комбинатынан Қазақстан құрамасы Жеңісті атап өтуде

«Біздің спортшылар әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көріну – өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі, тамаша жетістік. Құрама спортшыларын, оның ішінде жаттықтырушылар штабын шын жүректен құттықтаймын. Әрі қарай да жанкүйерлеріңізді жарқын жеңістермен қуантасыздар деп үміттенемін»  Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов

Источник: dknews.kz