үй Әлем жаңалықтары ЕҚДБ мен ТШО: қазақстандық жеткізушілерді дамыту

ЕҚДБ мен ТШО: қазақстандық жеткізушілерді дамыту

93
0

366 Арман

ЕҚДБ мен ТШО: қазақстандық жеткізушілерді дамыту

ЕҚДБ мен ТШО-ның қазақстандық жеткізушілерді дамыту жөніндегі бірлескен бағдарламасына қатысқаннан кейін кәсіпорындардың 76% айналымдарын ұлғайтуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

  • 2015 жылдан бастап 50-ден астам кәсіпорын қазақстандық және халықаралық сарапшылардан кеңес алу жобаларына гранттар алды
  • Бағдарламаға қатысқаннан кейін кәсіпорындардың табысы орта есеппен 54%-ға өсті

Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) және «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) қазақстандық жеткізушілерді дамытудың 2022 жылғы бірлескен бағдарламасын іске асыру қорытындысын шығарды. Бұл бағдарламаның мақсаты мұнай-газ саласының қуаттылығын, өнім берушілерінің әлеуетін, бәсекеге қабілеттілігін және орнықтылығын арттыру болып табылады.

ШОБ секторының тұтастай алғанда ел экономикасын дамытуға қосқан маңыздылығы мен үлесін ескере отырып, ЕҚДБ кәсіпорындарға қаржыландыру құралдарын, сондай-ақ қаржылық емес жәрдемдесу тетіктерін қоса алғанда, кешенді қолдау көрсетеді. Қаржылық емес көмек компанияларға тар бағытталған міндеттерді де, стратегиялық және операциялық даму мәселелерін де шешуге көмектесетін қажетті білімі мен құзыреті бар сыртқы мамандармен және салалық сарапшылармен консалтингтік жобалар арқылы жүзеге асырылады. Тренингтерді, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді, сондай-ақ іскерлік және таныстыру сапарларын ұйымдастыру және өткізу жұмыстың маңызды бағыты болып табылады. ЕҚДБ ШОБ қаржыландыру және дамыту тобының мамандары жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде клиенттерге еріп жүреді және көмектеседі, бұл ретте кеңес берушілерді тартуға арналған шығыстар құнының бір бөлігі өтеусіз гранттар түрінде беріледі.

Бүгінгі таңда ЕҚДБ мен ТШО бірлескен бағдарламасы бойынша 50-ден астам жергілікті кәсіпорын отандық және халықаралық салалық сарапшылармен жеке кеңес алу жобаларды іске асыруға гранттық қолдау алды. 2022 жылдың басынан бастап 225 адам ISO 9001 және ISO 29001 стандарттарына негізделген сапаны басқару, ISO 31000 негізіндегі тәуекелдерді басқару, IOSH Managing Safely және IOSH Working Safely еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар, ASME 9-бөлімге сәйкес дәнекерлеу және дәнекерлеу процедуралары бойынша мамандардың біліктілігі сияқты тақырыптар аясында бағдарлама желісі бойынша оқытылды, сондай-ақ, жеткізу тізбегін басқару, кайдзен құралдарын енгізу, CE мен EAC таңбалау талаптары бойынша да қызметкерлер білім алды.

ЕҚДБ мен ТШО: қазақстандық жеткізушілерді дамыту

Секторлық ерекшелікке байланысты кеңес беру жобалардың негізгі бөлігі сапа менеджменті жүйелері мен халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Бұл ретте инвестициялар тек мұнай қызметі индустриясына ғана қатысты емес. Мәселен, Атырау облысы балық өнеркәсібінің дамуымен танымал, осыған байланысты ЕҚДБ мен ТШО жергілікті балық өңдеу кәсіпорындарына өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа нарықтарға шығуға көмектесуге үміттенеді.

«Биыл Атырау облысының балық саласы кәсіпорындары үшін маңызды жоба іске асырылды. ЕҚДБ мен ТШО салаға зерттеу жүргізді, оның негізінде және балық шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның курсын ескере отырып, Атырау облысының балық кәсіпорындарының 25 өкілі үшін балық өсіру бойынша стади-тур мен оқытуға бастамашылық жасалды. Түркістан облысының Шардара қаласында «Хамит» кооперативі – Қазақстандағы балық шаруашылығы саласындағы озық кәсіпорындардың бірі базасында «БШҒӨО» және Qazaq balyk қауымдастығының мамандарын тарта отырып, стади — тур және оқыту өткізді. Кейінірек ЕҚДБ балық өңдеу саласындағы халықаралық салалық сарапшыдан алған білімдерін бекіту және жеке консультациялар өткізу үшін жергілікті жерлердегі кәсіпорындарға барды» ЕҚДБ ШОБ қаржыландыру және дамыту тобының жобалары жөніндегі аға маманы, ТШО-ЕҚДБ бағдарламасының үйлестірушісі Арман Ишмұхамедов

Теңіз – күрделі кен орны және оны қауіпсіз әрі тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін ТШО өзіне де, серіктестеріне де жоғары талаптар қояды. ЕҚДБ және ТШО бағдарламасы 2015 жылдан бастап іске асырылуда және осы уақыт ішінде қазақстандық компаниялардың дамуына жәрдемдесудің 56 консультациялық жобасы іске қосылған.

ЕҚДБ мен ТШО: қазақстандық жеткізушілерді дамыту

«Теңізшевройл» үшін жергілікті қамтуды дамыту – ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар. Біз тұрақты жергілікті компаниялар экономика мен қоғамға пайда әкеледі деп сенеміз және біз олардың мүмкіндіктері мен табыстарын дамыту үшін жергілікті бизнесті қолдаймыз. ЕҚДБ-мен бірлескен жеткізушілерді дамыту бағдарламасынан басқа, ТШО-да қазақстандық бизнесті дамытудың ішкі бағдарламасы да жұмыс істейді. Ол алдағы сатып алуларды талдауды және ТШО техникалық сарапшыларымен бірлесіп әлеуетті өнім берушілерді іздеуді қамтиды. Талдау нәтижесінде «нысаналы тауарлар мен қызметтердің» тізімі жасалады, олар бойынша жеткізушілер тексеріледі және біліктілікке ие болады, сондай — ақ оларда сынақ тапсырыстары орналастырылады» ТШО қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің өкілі Ринат Байманалиев

Сарапшылармен бірлескен жұмыстың нәтижелілігін бағалау үшін бағдарламаға қатысқаннан кейін бір жыл өткен соң кәсіпорындар жобаның компаниялардың қызметі мен өсуіне әсерін терең бағалаудан өтеді. Бағалау компанияның іске асырылған жобалар нәтижелерінің өзектілігін, нәтижелілігін, тиімділігін, әсері мен тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін ЭЫДҰ КСР әдіснамасы бойынша жобаға дейінгі бастапқы көрсеткіштерімен (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымын дамытуға жәрдемдесу комитеті) салыстыра отырып жүргізіледі. Бүгінгі таңда бағаланған 29 жобаның деректері бойынша кәсіпорындардың 76% айналымды ұлғайтты, орташа өсім 54% — ға артқан. Жалпы алғанда, тұтынушы компаниялардың 62% — ы қызметкерлер санының артқанын хабарлады, орташа өсім 12% құрайды және барлығы 456 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, компаниялардың 55%-ы әйел қызметкерлерінің орташа есеппен 23%-ға өскенін немесе 124 жаңа әйел қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанын хабарлады.

Кәсіпорындардың 66% өнімділігі орташа есеппен 13% — ға артады, ал компаниялардың 14% экспорттың өсуін атап өтті. Соңғы қорытындылар жобалардың 81% сәтті немесе өте сәтті деп бағалауға болатынын көрсетеді.

2023 жылы Бағдарлама аясында кәсіпорындармен жеке жобалардан басқа, ұқсас міндеттері мен проблемалары бар компаниялар үшін топтық жобалар жоспарлануда, IECEx сертификаты, дөңгелек үстел сияқты техникалық бағыттар бойынша оқытуды ұйымдастыру жұмыстары жалғасады, машина жасау және металл өңдеу секторларының кәсіпорындары үшін, сондай-ақ әлеуетті серіктестермен 1:1 форматында кездесулермен қазақстандық кәсіпорындар үшін іссапарлар ұйымдастыру жоспарлануда.

Источник: dknews.kz