214 rob
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Ереванда өткен 21-ші күзгі отырысына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеяның отырысына 48 елден келген 200 делегат 3 күн ішінде дағдарыстар кезеңіндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерге ден қоюдағы ұйымның рөлін, бейбітшілік пен қауіпсіздікке іргелі қауіп ретінде сыбайлас жемқорлық проблемаларын, қақтығыстардан зардап шеккен азшылықтар мен адамдарды қорғау мәселелерін, сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.
Сессия аясында Орталық Азия мемлекеттері парламентшілерінің Орталық Азия бойынша Ассамблеяның арнайы өкілі Фара Каримимен кездесуі өтті. Кездесу барысында өңірдегі проблемалар, ЕҚЫҰ ПА қолдауымен Орталық Азия елдерінің парламентаралық диалогын тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.
Сенатор Жанболат Жөргенбаев Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі мен су ресурстарының тапшылығы мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтіп, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясын өңірдегі су ресурстарын тиімдірек басқаруға жәрдемдесуге шақырды.
Источник: dknews.kz