125 Арман

Фотосурет: Canva
2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бажсыз электромобильдер импорты ұзартылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №134 шешімімен ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағына электромобильдерді бажсыз әкелу ұзартылды деп хабарлайды.
Электр қозғалтқышы бар көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына кедендік баждарын төлеуден босатыла отырып, жылына бір реттен жиі емес әкелуге тиіс.
Кедендік төлемдерден босату тек Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстанда тұрақты тұратын азаматтарға беріледі.
Салықтар туралы қосымша ақпаратты 1414/3 телефоны немесе Instagram @astana_mkd арқылы біліңіз.
Источник: dknews.kz






