үй Әлем жаңалықтары Эфиопиялық сарапшылар Қазақстанның даму стратегиясын бағалады

Эфиопиялық сарапшылар Қазақстанның даму стратегиясын бағалады

65
0

136 Арман

Эфиопиялық сарапшылар Қазақстанның даму стратегиясын бағалады

Қазақстанның одан әрі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мен еліміздегі экономикалық прогреске жету жолдары туралы Мемлекет басшысының көзқарасы Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында ұсынылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға эфиопиялық сарапшылар, саясаттанушылар, қоғамдық ортаның өкілдері және достар клубының мүшелері қатысты.

Эфиопиялық сарапшылар Қазақстанның даму стратегиясын бағалады

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкіл Барлыбай Садықов еліміздегі жүйелі демократиялық және экономикалық өзгерістер туралы айтып берді.

Б.Садықов Үкіметтің жаңа экономикалық модельге көшу және 2029 жылға қарай елдің ЖІӨ-ні 450 млрд.долларға дейін ұлғайту жөніндегі мақсаттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Эфиопиялық сарапшылар Қазақстанның даму стратегиясын бағалады

Әділ Қазақстанның жаңа экономикалық бағытын іске асыру мәселелері, атап айтқанда, Президент Қ.Тоқаев айтқан ұлттық экономиканы басқарудың жаңа тәсілдері жергілікті сарапшылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан Елшісі экономика өсуінің жаңа нүктелерін құрудан және инвестициялар тартудан, сондай-ақ жүйелі экономикалық реформалар жүргізуден тұратын Үкімет жұмысының екі басым бағыты туралы айтып берді. Ол Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту үшін Инвестициялық штаб құрылғаны, және кәсіпкерлікті, бәсекелестікті, жеке меншікті, ашықтық пен заңдылықты қорғауға бағытталған жаңа Салық пен Бюджет кодекстерін қабылдау жоспарланғаны туралы хабарлады.

Эфиопиялық сарапшылар Қазақстанның даму стратегиясын бағалады

Сарапшылар Қазақстан Үкіметінің ұлттық мүдделерін ескере отырып сындарлы және теңгерімді сыртқы саясатты жалғастыруға ниеті туралы хабардар етілді. Елші 2024 жылы Қазақстанда бірқатар өкілді саммиттер мен форумдар, соның ішінде екінші Астана Халықаралық Форумы өтетінін айтты. Қазақстан ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК, ТМҰ, АҚХҚ және АҚИҰ-ға төрағалық етеді.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат еліміздің БҰҰ Жарғысында бекітілген ішкі істерге араласпаудың, аумақтық тұтастық пен заң үстемдігінің негізгі қағидаттарына бейілділігіне назар аударды. Ол Президент Қ.Тоқаевтың әсіресе қазіргі геосаяси жағдайда көрші елдермен өзара тиімді және прагматикалық сыртқы саясаттың өзектілігіне қатысты сөздерін атап өтті.

Сонымен қатар, талқылау барысында Б.Садықов 2023 жылы Қазақстанның Эфиопиямен ынтымақтастығын қорытындылады және оның одан әрі дамуының негізгі перспективаларын белгіледі.

Жалпы, эфиопиялық сарапшылар Қазақстанның экономикалық даму перспективаларын және ҚР Президенті белгілеген прогрессивті ұлт құру басымдықтарын жоғары бағалады. Олар теңізге тура жолы жоқ әлемнің екі ең ірі елдің экономикалық даму күн тәртібіндегі мақсаттарының ұқсастығын, сондай-ақ халықаралық аренада өзара қолдауды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Источник: dknews.kz