247 Awrora
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жоғарғы Кеңес Төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Отырыс барысында еліміздің ағымдағы макроэкономикалық жағдайы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, сондай-ақ фискалдық тәртіп пен жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу мәселелері талқыланды.
Шара нәтижесінде тараптар қаржы-бюджет саласындағы ынтымақтастықты арттыруға, Мемлекет басшысы белгілеген реформаларды сапалы жүзеге асыруға ықпал ететін консультациялар өткізуге келісті.
Источник: dknews.kz