үй Әлем жаңалықтары Ереван мен Астана денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

Ереван мен Астана денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

12
0

579 Арман

Ереван мен Астана денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесянмен кездесуі өткізіп, оның барысында денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Армения ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Армян тарапы ү.ж. наурыз айында өткен Қазақстанның Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау қорытындыларымен, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етілді. Арменияның Денсаулық сақтау министрі сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстан басшылығының саясатын жоғары бағалады.

Тараптар екі елдің медициналық саладағы белсенді өзара іс-қимылын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жаңғыртуға, жұқпалы ауруларға жедел әрекет етуге, цифрлық денсаулық сақтау мен медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мен дамыту бойынша тәжірибе алмасуға мүдделілік білдірді.

Әңгімелесу барысында 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі мен биыл 27-28 сәуірде Ереванда болатын Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армян үкіметаралық комиссиясының кезекті 9-шы отырысын өткізу мәселелері қарастырылды. А. Аванесян 2023 жылғы қазан айында Астанада өтетін Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі халықаралық конференцияға және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясына қатысатынын растады.

Источник: dknews.kz