үй Әлем жаңалықтары Ереванда Қазақстандағы парламенттік сайлауға дайындық талқыланды

Ереванда Қазақстандағы парламенттік сайлауға дайындық талқыланды

474
0

463 Awrora

Ереванда Қазақстандағы парламенттік сайлауға дайындық талқыланды

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Ереван мемлекеттік университеті (ЕМУ) жанындағы Абай атындағы Қазақ тілі, мәдениеті және тарихы орталығында ЕМУ басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен, сондай-ақ Армения БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қатысушыларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылық еткен және «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасы туралы толық ақпарат берілді. Конституциялық реформаға және 2023 жылғы наурыз айында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауды дайындау және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Университет басшылығы Қазақстанның саясатын жоғары бағалап, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы саяси және экономикалық өзгерістердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. 

Ереванда Қазақстандағы парламенттік сайлауға дайындық талқыланды

Іс-шараға қатысушылар мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ ғылым, білім, әдебиет және өнер саласындағы екіжақты байланыстардың үдемелі дамуын атап, 2023 жылы бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады. ЕМУ түркология кафедрасының меңгерушісі, профессор Александр Сафарянның айтуынша, армян халқы ғасырлар бойғы тарихы мен дәстүрлері бар армян-қазақ қатынастарын өте бағалайды. Кездесу барысында Абай атындағы орталықтың кітапханасы қорына қазақ жазушыларының кітаптары сыйға тартылды.

Источник: dknews.kz