үй Әлем жаңалықтары Еуроаймақтың ЖІӨ баяулайды, дамушы елдердің валюта нарығы не күтеді?

Еуроаймақтың ЖІӨ баяулайды, дамушы елдердің валюта нарығы не күтеді?

23
0

1095 Арман

Еуроаймақтың ЖІӨ баяулайды, дамушы елдердің валюта нарығы не күтеді?

Фотосурет: haydenbird/CP

2023 жылғы 21-28 сәуір аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 28 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,9%-ға (457,68 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 453,39 теңге деңгейінде қалыптасты.

2023 жылғы 21-28 сәуір аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды.

2023 жылдың 1-тоқсанында АҚШ ЖІӨ тоқ/тоқ 1,1%-ға дейін бәсеңдеп, талдаушылардың күткенінен төмен болды. АҚШ-тағы PCE тұтынушылық шығыстарының базалық индексі 2023 жылдың 1-тоқсанында тоқ/тоқ 4,9%-ға дейін тез өсіп, күткеннен де жоғары болды. Жапония банкі ақша-кредит саясатының параметрлерін өзгеріссіз сақтап қалды. Еуроаймақтағы ЖІӨ-нің өсу қарқыны тоқ/тоқ 0,1% (талдаушылардың күткенінен төмен) болды.

Бұл факторлар дамушы нарықтарда валюталардың әртүрлі бағыттағы динамикасын құрды.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы Индонезияның борыш нарығына бейрезиденттердің ағылып келуі аясында 2%-ға (14 976-дан 14 674-ке дейін) нығайды (JPMorgan Индонезияның МБҚ-сын сатып алу көлемін олардың ҚХР-ға салған салымдарынан асып түсетін көлемде арттыруда);
  • Ресей рублі сәуірдегі салық кезеңі аясында 1,8%-ға (81,7-ден 80,25-ке дейін) нығайды. РФ Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 7,5% деңгейінде сақтап қалды;
  • Бразилия реалы жұмыс орындарын құру және инфляцияны бәсеңдету бойынша сенімді деректердің шығуы аясында 1,2%-ға (5,05-тен 4,99-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы Үндістанның борыш нарығына бейрезиденттердің ағылып келуі аясында 0,3%-ға (82,1-ден 81,83-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы бір аптада 17,99-дан 18-ге дейін әлсіреп, өзгерген жоқ;
  • түрік лирасы 0,3%-ға әлсіреді (19,4-тен 19,45-ке дейін). Түркия Орталық банкі базалық мөлшерлеме деңгейін 8,5% деңгейінде сақтап қалды;
  • Оңтүстік Африка ранды Eskom ұлттық компаниясының электр жарығын өшіруіне байланысты инфляциялық күтудің өсуі аясында 1%-ға (18,11-ден 18,29-ға дейін) әлсіреді. ОАР Орталық банкінің болжамдары бойынша инфляция жөніндегі болжам 0,5 пайыздық тармаққа түзетіледі.

Еуроаймақтың ЖІӨ баяулайды, дамушы елдердің валюта нарығы не күтеді?

Еуроаймақтың ЖІӨ баяулайды, дамушы елдердің валюта нарығы не күтеді?

Еуроаймақтың ЖІӨ баяулайды, дамушы елдердің валюта нарығы не күтеді?

Еуроаймақтың ЖІӨ баяулайды, дамушы елдердің валюта нарығы не күтеді?

Источник: dknews.kz