үй Әлем жаңалықтары Германия Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді қолдайды

Германия Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді қолдайды

50
0

96 Арман

Германия Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді қолдайды

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Германиядағы Елшілігі 2023 жылғы 1 желтоқсанда «Қазақстандағы саяси реформалар: қазіргі ахуалы мен болашағы» атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекеттік органдардың, сарапшылар топтары мен неміс БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен шарада Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ Қазақстан-Германия қарым-қатынасының өзекті мәселелері талқыланды.

Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов елімізде азаматтық қоғамның қатысуымен жүзеге асырылып жатқан, мақсаты әділ, бәсекеге қабілетті және ашық мемлекет құру болып табылатын ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасына тоқталды. Ол 2019 жылдан бері саяси реформалардың төрт пакеті жүзеге асырылып, өткен жылдан бері төрт сайлау науқаны өткенін айтты.

Дипломатиялық миссияның басшысы 2023 жылғы 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының негізгі ерекшеліктерінің бірі олардың аймақтардың мүдделерін білдіруді, Парламенттегі партиясыз белсенділердің қатысуын қамтамасыз ететін аралас сайлау жүйесі бойынша өткендігін атап өтті. Сонымен қатар, осы сайлау жүйесіне көшу кезінде алдыңғы қатарлы демократиялық елдердің, оның ішінде Германияның да тәжірибесі зерттелді. Сондай-ақ, партияның Парламент Мәжілісіне өтуі үшін төменгі шек Германиядағыдай 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді.

Қазақстанның адам құқықтарын қорғау құндылықтары мен қағидаттарына мызғымас адалдығын баса айта отырып, қазақстандық дипломат жиналғандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауының негізгі тезистерімен де таныстырды.

Қазақстандағы ауқымды демократиялық қайта құрулар үшін әріптес мемлекеттерінің, соның ішінде Германияның қолдауы маңызды екені атап өтілді.

Өз сөздерінде неміс қатысушылары Қазақстанның саяси жаңғырту үшін таңдаған бағытын қолдай отырып, демократиялық құқықтық жағдайлар жасау ынтымақтастықты дамытудың және ел экономикасына инвестиция тартудың негізгі элементтерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Осыған орай, шара барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар неміс инвесторларының сенімінің артуына ықпал етіп, екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюі мен тереңдеуіне тікелей әсер ететіні айтылды.

Источник: dknews.kz