үй Әлем жаңалықтары Германия Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Германия Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

81
0

1441

Германия Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Фотосурет: UKIMET

Роман Скляр ГФР экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федеративтік Республикасының экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен онлайн кездесу өткізді. Тараптар өнеркәсіп, энергетика, сауда, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және екі ел үшін басқа да басым бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Германия Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Роман Скляр қазіргі таңда Қазақстан мен Германия арасында «шикізат, өнеркәсіп және технологиялар» формуласы бойынша тиімді кооперация жүргізуге мүмкіндік беретін негіздемелік шарттар мен институционалдық тетіктердің кешенді архитектурасы қалыптасқанын атап өтті. Бұл екі тарап үшін де «win-win» нәтижелеріне қол жеткізуге жол ашады.

Өз кезегінде Катерина Райхе Қазақстанмен энергетика және ресурстар саласындағы ынтымақтастық Германия экономикасы үшін ең қажет бағыттардың бірі екенін жеткізді.

Германия Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Кездесу соңында тараптар екіжақты экономикалық байланыстардың барлық спектрі бойынша кооперацияны нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар тараптар 24 қыркүйекте өтетін Қазақстан-Германия Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы (ҮЖТ) 15-ші отырысының күн тәртібін талқылады.

Германия Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федеративтік Республикасының экономика және энергетика министрі Катерина Райхені Астанаға сапармен келуге шақырды.

ҚР Үкіметі Казахстан и ФРГ Сыртқы экономикалық байланыстар Роман Скляр

Источник: dknews.kz