үй Әлем жаңалықтары Грузия мен Қазақстан қаржылық қылмыстармен күресте тәжірибе алмасты

Грузия мен Қазақстан қаржылық қылмыстармен күресте тәжірибе алмасты

19
0

1600 Арман

Грузия мен Қазақстан қаржылық қылмыстармен күресте тәжірибе алмасты

ҚМА Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бастаған Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы Грузия Қаржы министрлігінің тергеу қызметіне іссапармен барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тбилисиде өткен кездесу барысында Агенттік өкілдері Тергеу қызметімен, қазіргі проблемалармен, өткен жылы қол жеткізілген ынтымақтастық нәтижелермен танысты.

Грузия мен Қазақстан қаржылық қылмыстармен күресте тәжірибе алмасты

Тергеу қызметінің басшысы Сосо Рамишвили және басқа ведомстволардың басшылары Агенттіктен келген әріптестерін тергеу қызметінің мандатымен, талдамалық қызметті дамыту перспективаларымен таныстырды. Сондай-ақ Тергеу қызметінің қызметкерлерін жұмысқа орналастыру мен оқытудың, қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізу бағыты туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің экономикасы үшін қаржылық қылмыстардың теріс салдарын азайту мақсатында инновациялар енгізу қажеттігін атап өтті.

Тараптар қаржы-экономикалық қылмысқа қарсы күресте Қазақстан мен Грузия алдында тұрған сын-қатерлерді талқылап, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың орындылығы жайында уағдаласты.

Источник: dknews.kz