үй Әлем жаңалықтары Хорватияда қазақ көшпенділерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен музыкалық шығармашылығы таныстырылды

Хорватияда қазақ көшпенділерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен музыкалық шығармашылығы таныстырылды

10
0

1064 Арман

Хорватияда қазақ көшпенділерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен музыкалық шығармашылығы таныстырылды

Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Хорватияда Наурыз мерекесін тойлау аясында тұңғыш рет «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің концерті сәтті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Хорватияда қазақ көшпенділерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен музыкалық шығармашылығы таныстырылды

Хорватия Республикасы Парламентінің вице-спикері Даворко Видович өзінің құттықтау сөзінде өтіп жатқан мәдени іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, концерт қазақ халқының бай шығармашылығымен танысып қана қоймай, елдер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосуға мүмкіндік берді.

Топтың қуатты энергиясы, классикалық күйлердің виртуозды үні, қайталанбас жанрдағы халық шығармалары мен көмеймен ән салу техникасы залдағы ешкімді бей-жай қалдырмай, Хорватия жұртшылығының зор таңданысын тудырып, дүркіреген қошеметтерін де тудырды. Музыка сүйер қауым қобыз, сыбызғы, жетіген, шертер, домбыра және басқа да қазақтың көне аспаптарының сиқырлы үніне тәнті болды.

Хорватияда қазақ көшпенділерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен музыкалық шығармашылығы таныстырылды

Загреб Музыка академиясының концерт залының сахнасында Қазақконцерттің басқа солистері де тамаша өнер көрсетті – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлова, белгілі тенор Медет Шотабаев, белгілі пианист және концертмейстер Дина Мирманова, сондай-ақ виолончельші, Шанхай консерваториясының студенті Талғар Толқынұлы. Залға жиналған жұртшылық әртістердің өнерін ду қол шапалақтаумен сүйемелдеді.

Хорватияда қазақ көшпенділерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен музыкалық шығармашылығы таныстырылды

Кештің ерекше атмосферасын этно-көрме берді, оның аясында Хорватия астанасының тұрғындары үшін алғаш рет киіз үйдің түрлі-түсті ішкі безендірілуі ұсынылды. Сәндік-қолданбалы өнер нысандары, қазақтың ұлттық киімдері, фотосуреттер мен қазақ тағамдарының дәстүрлі деликатестері Балқан түбегінде көп ғасырлық тарихы мен бай мұрасы бар Ұлы даланың көшпелі халықтарының мәдениетін паш етті.

Хорватияда қазақ көшпенділерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен музыкалық шығармашылығы таныстырылды

Шараға Қазақстан азаматтары, Хорватия үкіметінің мүшелері, елдің экс-президенттері, парламент депутаттары, іскерлік, дипломатиялық, академиялық және шығармашылық топтардың өкілдері қатысты. Залдың толып кетуіне байланысты концертке келе алмаған қонақтар үшін «YouTube» арнасында тікелей трансляция ұйымдастырылды.

Өткен іс-шара қазақ көшпенділерінің мәдени мұрасының шетелде танымал болуына ықпал етіп қана қоймай, қазіргі Қазақстанға деген қызығушылықты айтарлықтай арттырды. Мәдени кештің көптеген қонақтары елімізді жақынырақ танып, жақын арада барып қайтуға ниет білдірді.

Источник: dknews.kz