үй Әлем жаңалықтары Иран мен Қазақстан: көлік пен саудадағы ынтымақтастық перспективалары

Иран мен Қазақстан: көлік пен саудадағы ынтымақтастық перспективалары

16
0

526 Арман

Иран мен Қазақстан: көлік пен саудадағы ынтымақтастық перспективалары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президенттер бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Источник: dknews.kz