167 Awrora

Фотосурет: Gov
Қазақстанда Жапония Өзін-өзі қорғау күштерінің әскери дәрігерлер делегациясы жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Шетелдік делегация ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының және Алматы қ. Әскери клиникалық госпиталінің қызметімен және оқу-материалдық базасымен танысты.
Жапондық әріптестерге брифинг ұйымдастырылды. Онда Әскери медицина орталығының даму перспективалары, жабдықтау және әскери-медициналық мамандарды даярлау жөніндегі жоспарлар айтылды.

Тараптар шетелдік әріптестер ұсынған 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады.
Источник: dknews.kz






