үй Әлем жаңалықтары Жер бетіндегі ең бай адам анықталды

Жер бетіндегі ең бай адам анықталды

11
0


                Жер бетіндегі ең бай адам анықталды

Фото: ғаламтордан

Louis Vuitton Moet Hennessy (LVMH) президенті Бернар Арно жербетіндегі ең бай адамдары рейтингінде Илон Маскты басып озды.

Алматы, NEGE. Forbes мәліметтері бойынша, Арноның байлығы 211 миллиард доллар екен. Осылайша, француз кәсіпкері байлардың көшін бастады. 

Бұған дейін бұл тізімде бірінші тұрған Илон Маск екінші орынға төмендеді — сарапшылар оның байлығын 180 миллиард долларға бағалады.

Арноның дәулеті 2020 жылдан бастап артқан. Бизнесмен Louis Vuitton және Sephora сияқты 75 сән және сұлулық брендтерінің LVMH империясын басқарады.

Басылымның мәліметінше, Маск соңғы бір жылда шамамен 40 миллиард доллар жоғалтқан.

Источник: nege.kz