үй Әлем жаңалықтары Жер ядросы кері бағытта айналуы мүмкін: Қытай ғалымдары жердің жиі сілкіну себебін...

Жер ядросы кері бағытта айналуы мүмкін: Қытай ғалымдары жердің жиі сілкіну себебін түсіндірді

20
0


                Жер ядросы кері бағытта айналуы мүмкін: Қытай ғалымдары жердің жиі сілкіну себебін түсіндірді

Фото: ғаламтордан

Қытай ғалымдары ғаламшардағы сейсмикалық белсенділіктің күрт өсу себебін Жер ядросының жылдамдығының бәсеңдеуімен байланыстырады, деп хабарлайды Elpais басылымы. 

Алматы, NEGE. Сейсмикалық толқындарға негізделген жаңа зерттеу нәтижесінде болашақта Жер ядросының толық тоқтап қалуы немесе тіпті қарама-қарсы бағытта айналуы мүмкін екендігі болжанды. 

Ядроның тереңірек аймағында не болып жатқанын түсіну үшін ғалымдар әдетте жер сілкінісін талдайды. Жер шары арқылы өтетін сейсмикалық толқындардың өзгеруі ядроның ішкі құрамын және оның айналу жылдамдығын айқындайды. 

«Ғарыштан қарағанда, ядро ​​планетаның қалған бөлігімен бірдей жылдамдықпен айналады. Бірақ сейсмикалық станциялар орналасқан жер беті тұрғысынан қарағанда, ядро ​​қазір қарама-қарсы бағытта батысқа қарай айналады», — деді қытай ғалымы Сонг.

Бұл құбылыстың жаһандық салдары болуы мүмкін.

«Соңғы жылдары күн қысқарып барады және бұл ядроның қозғалысына байланысты болуы мүмкін», — дейді ол.

Осындай өзгерістің салдарынан 1970 жылмен салыстырғанда қазір бір тәулік  секундтың мыңнан бір бөлігіне қысқарған, деді Сонг.

Егер бұл гипотеза дұрыс болса, жалпы Жер тіршілікке қауіп төндіреді. Бірақ ғалымдардың айтуынша, оған дейін 2 миллион жыл керек.

Источник: nege.kz