үй Әлем жаңалықтары Канадалық бизнес Қазақстанда минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске...

Канадалық бизнес Қазақстанда минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруға мүдделі

21
0

416 Арман

Канадалық бизнес Қазақстанда минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруға мүдделі

Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов және «Kazakh Invest» АҚ-ның Солтүстік Америка бойынша өкілі Ғалымжан Матаев Ванкувердегі жыл сайынғы «AME BC Roundup-2023» халықаралық тау-кен конференциясы-көрмесінің жұмысына қатысты. Конференция жыл сайын әлемнің 50 елінен 5 мыңға жуық қатысушыны қабылдайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара аясында қазақстандық делегация елімізбен іскерлік ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыратын Канаданың тау-кен секторының ірі және кіші компанияларымен бірқатар кездесулер өткізді. Компания басшылары Қазақстанда жер қойнауын пайдалану және геологиялық ізденістер саласында жүргізіліп жатқан жұмысы туралы ақпаратты оң қабылдап, қазақстандық нарыққа кіру бойынша нақты жобалар мен жоспарларды талқылауға дайын екендігін білдірді.

Қазақстандық өкілдері Канада-Еуразия сауда палатасы ұйымдастырған Орталық Азия, Түркия және Моңғолия елдерінің тау-кен саласының инвестициялық мүмкіншіліктеріне арналған «Mining in a transitional world: trends and opportunities in Eurasia» сессиясының конференциясында сөз сөйледі.

Канадалық бизнес Қазақстанда минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруға мүдделі

Елші өз сөзінде қатысушыларды Қазақстандағы экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ еліміздегі іскерлік ортаны одан әрі жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Өз презентацияларында Елшілік пен «Kazakh Invest» АҚ өкілдері Қазақстандағы табиғи ресурстардың, оның ішінде сирек кездесетін металдардың жаңа кен орындарының бар әлеуетіне ерекше назар аударды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Британдық Колумбия провинциясының 30 компаниясының басшыларымен іскерлік кездесуге де қатысты. Бұл іс-шараны Қазақстандағы президенттік сайлауда тәуелсіз бақылаушы ретінде Астанаға барған канадалық сенатор Виктор Оудың ұйымдастыруымен өткізілді.

Канадалық бизнес Қазақстанда минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруға мүдделі

А. Камалдинов өз сөзінде еліміздің бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы заңнамалық жағдайлар жасаудағы жетістіктері туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп жатқан канадалық компаниялардың табыс тарихымен бөлісті.

Канадалық компаниялар 2023 жылдың 5 наурызында Торонтода өтетін «Prospectors & Developers Association of Canada» халықаралық тау-кен конференциясы шеңберінде ұйымдастырылатын Қазақстан-Канада бизнес-форумына қатысуға шақырылды.

Источник: dknews.kz