үй Әлем жаңалықтары «Каспий энергетикалық клубының» іскерлік кездесуі

«Каспий энергетикалық клубының» іскерлік кездесуі

6
0

227 Арман

«Каспий энергетикалық клубының» іскерлік кездесуі

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов елдегі бизнес топтардың 160-тан астам өкілі қатысқан «Каспий энергетикалық клубының» (Caspian Energy Club) іскерлік кездесуіне қатынасты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Каспий энергетикалық клубының» іскерлік кездесуі

«Каспий энергетикалық клубының» іскерлік кездесуі

Өз сөзінде дипломат Қазақстанда сыртқы келеңсіз факторларға қарамастан орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен жетістіктер, экономикадағы, сыртқы сауда айналымындағы, шағын және орта бизнестегі көрсеткіштердің өсуі, жүзеге асырылып жатқан ірі өнеркәсіптік жобалар, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, тартылып жатқан тікелей шетелдік инвестициялар туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылардың айрықша назары Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуына, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның ү.ж. сәуірде Бакуде өткізілуі жоспарланған кезекті отырысы мен қазақ кәсіпкерлерінің сауда миссиясына аударылды. Осыған орай, Елші әзербайжандық кәсіпкерлерге Қазақстанмен арадағы инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа белсенді қатысу туралы үндеу жасады.

«Каспий энергетикалық клубының» іскерлік кездесуі

«Каспий энергетикалық клубының» іскерлік кездесуі

Елдің өткен жылғы қорытынды бойынша үздік шыққан компанияларын марапаттау рәсіміне «Caspian Energy Club» басшылығымен бірге Сержан Әбдікәрімов те қатысты.

Источник: dknews.kz