үй Әлем жаңалықтары KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы жылды қорытындылады

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы жылды қорытындылады

49
0

431 Арман

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы жылды қорытындылады

Ағымдағы жылдың 11 айында Ұлттық компания шетелдік қатысумен 36 жаңа жобаны пайдалануға беруді қамтамасыз етті, Қазақстанда трансұлттық корпорациялардың өндірістерін іске қосты, сондай-ақ 32 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Негізгі тақырып – Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметінің жылдық қорытындысын шығару.

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы жылды қорытындылады

«Осындай қолайсыз сыртқы жағдайларда Қазақстан биыл шетелдік инвесторлар үшін тұрақты инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуді жалғастырды. Ел Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялар ағыны бойынша тартымды және сөзсіз көшбасшы болып қала береді. Біздің еліміз өңірдегі шетелдік инвестициялардың шамамен 70%-құрайды. Соңғы 10 жылда елге жыл сайынғы инвестициялар ағыны орта есеппен 24 млрд.долларды құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар ағынының «пандемияға дейінгі» деңгейіне оралды және $23,7 млрд құрады, ал а. ж. бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 28%-ға, $14,5 млрд-қа дейін өсті (2021 жылғы I-жартыжылдықта $11,3 млрд.). Алдағы 7 жылда кемінде $150 млрд тарту бойынша міндет қойылды» Айдаров Алмас

Негізгі инвестор елдер бойынша 2022 жылдың I-ші жартыжылдығында Қазақстан экономикасына инвестициялардың өсуі байқалады. Осылай, Нидерландыдан ТШИ ағыны – $3,3 млрд құрады (2021 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2%-ға өсті), АҚШ-тан – $3,2 млрд долларын (54% өсім), Швейцариядан – $1,6 млрд (өсім 21%), Бельгиядан – $1,1 млрд (өсім 2,6 есе), Ресей Федерациясынан – $0,93 млрд (30%-ға өсім), Сингапурдан – $0,74 млрд (2021 жылғы І жартыжылдықта -$152,5 млн), Қытайдан – $0,6 млрд (өсім 8%), Оңтүстік Кореядан – $0,54 млрд құрады (84% өсім).

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы жылды қорытындылады

Салалар бөлінісінде 2022 жылдың 1 жартыжылдығында шетелдік инвестициялардың ең көп өсімі мынадай салаларда байқалады: 2021 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда ақпарат және байланыс – 5,4 есе ($787,5 млн), құрылыс – 3,9 есе ($462,3 млн), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2,9 есе ($20,1 млн), өңдеу өнеркәсібі — 48%-ға ($3,1 млрд), көтерме және бөлшек сауда — 43%-ға ($2,4 млрд), көлік – 19%-ға ($621,7 млн), тау-кен өнеркәсібі — 8%-ға ($6 млрд).

«Биылғы жылы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелде де, ел ішінде де 13 маңызды инвестициялық іс-шара ұйымдастырды. Оның ішінде Мемлекет басшысы мен бизнес-капитандардың қатысуымен 5 жоғары деңгейдегі инвестициялық іс-шара Америкада, Францияда, Түркияда, Сауд Арабиясында және Ресейде өтті. Бұл іс-шаралар Қазақстанның инвестициялық имиджін ілгерілетудің негізгі құралы және жаңа инвесторларды тарту алаңы болып табылады. Осындай іс-шаралар аясында екіжақты кездесулер өткізіліп, Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру перспективалары мен шарттары талқыланады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысымен диалог инвесторларға сенім ұялатады» Руслан Ибраимов

Сондай-ақ KAZAKH INVEST шетелдік компаниялардың қатысумен 36 жаңа жобаны пайдалануға беруді қамтамасыз етті. Жалпы сомасы $3,7 млрд құрады. Бұл 3,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін тағы 9 жобаны пайдалануға беру күтілуде.

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы жылды қорытындылады

Инвестициялық қызметтің маңызды және белсенді бағыттарының бірі жаңартылатын энергия жобалары болып табылады. 11 айда жаңартылатын энергия көздері саласында жалпы сомасы $350 миллион құрайтын алты ірі жоба іске қосылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарын ескере отырып, бұл үрдіс ерекше өзекті бола түсуде.

Сонымен қатар, Қазақстанда трансұлттық корпорациялардың өндірістік қуаттарын іске қосуды атап өтуге болады. Қазақстанда Saint-Gobain, Hyundai Motor Corporation, PCM, Honeywell үлкен корпорациялар өндіріс орындарын ашты.

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы жылды қорытындылады

KAZAKHINVEST-тің көмегімен жалпы сомасы $3,2 млрд құрайтын 32 жоба бойынша ҚМЖ басталды. Sungrow Power Supply, Iskefe Holding, Cedar Meats сияқты ірі компаниялар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмысты бастады.

Жыл сайын Ұлттық компания отандық бизнес өкілдерімен бірлесіп экономиканың басым салаларында шетелдік инвесторлар үшін 70 инвестициялық ұсыныс дайындайды. Инвестициялық ұсынысқа тизер, бизнес-жоспар және жоба бойынша қаржылық модель кіреді.

Сонымен қатар, KAZAKH INVEST-тің міндеттерінің бірі инвесторларға сервистік қолдау көрсету болып табылады. Компания визалық-көші-қон және заңнамалық мәселелер бойынша тегін консультациялық қызметтер көрсетеді. Бұдан басқа, инвестициялық преференцияларға 183 өтінім қаралды, әртүрлі сипаттағы инвесторлардың 48 проблемалық мәселесі пысықталды. Биыл қоғамға инвесторлардың 2032 ауызша және жазбаша өтініштері, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталық арқылы келіп түсті.

Источник: dknews.kz