үй Әлем жаңалықтары КЕҰ секторы терроризмді қаржыландыру қаупіне осал?

КЕҰ секторы терроризмді қаржыландыру қаупіне осал?

10
0

1208 Арман

КЕҰ секторы терроризмді қаржыландыру қаупіне осал?

2023 жылғы 18-20 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Кеңсесінің қолдауымен «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары мен ФАТФ стандарттарына сәйкес терроризмді қаржыландыру мақсатында коммерциялық емес ұйымдарды теріс пайдаланудан қорғау» семинар-тренингті ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Семинарға Қаржылық мониторинг агенттігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және КЕҰ секторының өкілдері қатысты. Семинар КЕҰ секторын террористік қызметке қаржылық қолдау көрсету процесіне тарту тәуекелдерін анықтауын ұйретуге бағытталған.

КЕҰ секторы терроризмді қаржыландыру қаупіне осал?

Тренинг шет мемлекеттердің тәжірибесін және Қазақстандағы КЕҰ қызметінің осалдықтарын талқылау үшін бірегей диалог алаңы форматында құрылған.

Терроризмді қаржыландыруда КЕҰ пайдалану тәуекелдерін секторлық бағалау әдіснамасының ерекшеліктері түсіндірілді. Іс-шара КЕҰ-ны қылмыстық мақсатта қолданудың тәуекелдері мен осалдықтары туралы хабардарлығын жоғарлатуға мүмкіндік берді.

Источник: dknews.kz