үй Әлем жаңалықтары Әлемдегі екінші алтын өндіруші компания Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Әлемдегі екінші алтын өндіруші компания Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

10
0

384 Арман

Әлемдегі екінші алтын өндіруші компания Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Канадалық «Barrick Gold Corporation» компаниясының аға вице-президенті Ву Лидің Астанаға сапары аясында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешевпен және «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесу өтті. Кездесуде тараптар Қазақстандағы алтын және мыс кен орындарын игеру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Barrick Gold Corporation — АҚШ, Канада, Австралия, Перу, Аргентина, Колумбия, Чили, Оңтүстік Африка, Пәкістан және т.б. елдерде жобалары бар штаб-пәтері Торонтода орналасқан әлемдегі екінші ірі таза алтын өндіруші компания. 2023 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша компанияның нарықтық капиталдандыру $32,55 млрд құрады.Компанияның бүкіл әлем бойынша 10 000-нан астам қызметкері бар.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев канадалық компания мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жоғары әлеуетін атап өтті.

«Еліміз алтын өндіру бойынша әлемде 15-ші, алтын қоры бойынша 10-шы орында тұр және мемлекет шетелдік инвесторлармен бірлесіп, озық идеялар мен жаңа технологияларды тарта отырып, саланы дамытуға мүдделі. Қазақстан үшін тау-кен өнеркәсібі маңыздылығы жағынан мұнай мен газдан кейінгі екінші орында. Былтырғы мәлімет бойынша, барлық күрделі салымдардың үштен бірі тау-кен өнеркәсібіне бағытталған» Ардақ Зебешев

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қызметі мен инвесторларға берілген преференциялар туралы баяндады.

Әлемдегі екінші алтын өндіруші компания Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарды, атап айтқанда, геологиялық барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі түбегейлі жеңілдетілді» Мейіржан Юсупов

Өз кезегінде «Barrick Gold Corporation» компаниясының аға вице-президенті Ву Ли компанияның алтын өндіруге ғана емес, Қазақстанның жаңа кен орындарын игеруге де ниетті екенін айтты.

«Қазақстан тау-кен металлургиясының әлеуеті зор үлкен мемлекет. Соңғы уақытта елімізде оң саяси және заңнамалық өзгерістер болып, өткен жылдан бастап жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Біз жақын арада Қазақстанда компанияны тіркеп, жақын арада кен орындарын барлауға кірісеміз деп жоспарлап отырмыз» Ву Ли

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Қазақстанның Канададағы Елшілігі ұйымдастырған сапар аясында Канададан келген делегация мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерімен кездесулер өткізді.

Источник: dknews.kz