үй Әлем жаңалықтары Матчтың үшінші партиясы шахматтан әлем чемпионаты тең аяқталды

Матчтың үшінші партиясы шахматтан әлем чемпионаты тең аяқталды

47
0

765 Арман

Матчтың үшінші партиясы шахматтан әлем чемпионаты тең аяқталды

Фотосурет: ҚШФ

Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың үшінші партиясы тең аяқталды. Кездесу 30-шы жүрістен кейін аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қытайлық гроссмейстер бүгінгі партия нәтижесі бойынша матчтағы есепті теңестіре алмады. Непомнящий 2:1 есебімен алда келеді.

Естеріңізге сала кетейік, қос мықтының арасындағы бірінші партия да тең нәтижемен аяқталған болатын. Ал екінші ойында ресейлік шахматшы жеңіске жетті. Төртінші кездесу ертең өтеді.

Әлем чемпионаты аясында барлығы 14 партия жоспарланған. 7 ұпайдан артық жинаған спортшы әлем чемпионы атанады.

Источник: dknews.kz