үй Әлем жаңалықтары Оңтүстік Кореядағы ашылу салтанатында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының өрті тұтанды

Оңтүстік Кореядағы ашылу салтанатында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының өрті тұтанды

48
0

137 rob

Оңтүстік Кореядағы ашылу салтанатында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының өрті тұтанды

Фотосурет: ҚР ТСМ Баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ашылу салтанаты сыйымдылығы 8 мың адамды құрайтын «Купол Ёнпон» спорт кешенінде өтті. Айта кетейік, бұған дейін «Купол Ёнпон» сарайы 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді.

Оңтүстік Кореядағы ашылу салтанатында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының өрті тұтанды

Қатысушыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтады.

Оңтүстік Кореядағы ашылу салтанатында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының өрті тұтанды

Іс-шара барысында еліміздің көк туын конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шықты.

Оңтүстік Кореядағы ашылу салтанатында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының өрті тұтанды

Олимпиадада елімізден рекордтық 41 спортшы 5 спорт түрінен 9 дисциплинада бақ сынайды.

Жалпы аталмыш бәсекеге әлемнің 78 мемлекетінен 1802 спортшы жүлдеге таласады.

Оңтүстік Кореядағы ашылу салтанатында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының өрті тұтанды

Енді жерлестеріміз 20 қаңтарда биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, шорт-трек, 3×3 хоккейден жарысты бастайды.

Источник: dknews.kz