үй Әлем жаңалықтары Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

81
0

209 Awrora

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Фотосурет: Gov

«Франциядағы қазақстандық күз» мәдени маусымы қазақ киносының 5-ші фестивалімен аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Париж қаласының «Forum des images» мәдениет және кинематография орталығында 2023 ж. 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Франциядағы Қазақстан Елшілігінің жыл сайынғы «Франциядағы қазақстандық күзі» мәдени маусымының аясында 5-ші қазақстандық кинофестивалі өтті.

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

«Қыз Жібек» көркем фильмі фестивальдің ашылу салтанатында көрсетіліп, 200-ден астам көрермендерін қазақ халқының бай мәдениеті мен ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерімен таныстырды.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Ғабит Мүсіреповтың эпосына түсірілген аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінде басты рөл орындаған Меруерт Үтекешева кинофестивальге құрметті қонақ ретінде қатысты.

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Француз тарапынан Везуль қаласында өтетін Халықаралық Азия кинофестивалінің басшылары Жан-Марк пен Мартин Тируан және әйгілі француз актері Сами Насери кинофестивальдің құрметті қонақтары ретінде қатысты. Құттықтау сөздерінде француз тұлғалары қазақстандық кинематографтың белсенді дамуын, оның беделі мен халықаралық танылуының өсуін атап өтіп, фестивальге одан әрі табысты жалғасуын тіледі.

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

А.ж. 2 желтоқсанға дейін жалғасқан фестиваль аясында бірлескен кино өндірісі саласындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға бағытталған Қазақстан мен Франция кино мамандарының қатысуымен бизнес-алаң ұйымдастырылды, сондай-ақ екі елдің киномектептері арасында іскерлік кездесулер өтті.

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Сонымен қатар, 2 желтоқсанда Қазақстан Елшілігінің ғимаратында фестиваль аясында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» романтикалық драмасының көрсетілімі өтті.

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Қазақ кинофестивалі сол күні аты аңызға айналған қазақ вокалдық-аспаптық ансамблінің тарихы туралы «Дос-Мұқасан» фильмімен аяқталды.

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Париж қазақ киносының сиқырына бой алдырды: фестивальдің жарқын қорытынды аккорды

Источник: dknews.kz