үй Әлем жаңалықтары Париж Олимпиадасы: Спортшылар шеруі алғаш рет Сена өзенінде өтеді

Париж Олимпиадасы: Спортшылар шеруі алғаш рет Сена өзенінде өтеді

33
0

2343 Awrora

Париж Олимпиадасы: Спортшылар шеруі алғаш рет Сена өзенінде өтеді

Фотосурет: Gov

Парижде Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы бүгін, 26 шілдеде өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды іс-шара тарихи оқиғаларға толы болмақ.

Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет ерекше форматта өтеді. Яғни спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтеді. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шығады.

Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өтетін Трокадерода аялдайды.

Іс-шараның көркемдік жетекшісі — театр режиссері Томас Жолли.

Ашылу салтанатына 3000 өнерпаз қатысады, сонымен қатар көрермендер Селин Дион мен Леди Гаганың өнерін тамашалай алады.

Қазақстан жанкүйерлері Олимпиаданың ашылу салтанатын сағат 22:30-да Qazaqstan, QAZSPORT, Jibek Joly және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Источник: dknews.kz