266 rob
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау және профилактика министрлігінің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан тарапынан құжатқа Премьер-Министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қол қойды.
Тараптар атап өткендей, осы Меморандумға қол қою медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды, ана мен бала денсаулығын сақтауды, медицина ғылымдарын бірлесіп дамытуды, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы әріптестікті дамытуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ықпал ететін болады.
Источник: dknews.kz