үй Әлем жаңалықтары ҚР Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы АХҚО қызметімен танысты

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы АХҚО қызметімен танысты

18
0

381 Арман

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы АХҚО қызметімен танысты

Төраға Наталья Годунова бастаған Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО, Орталық) барып, АХҚО органдары мен олардың ұйымдары – Биржа, Сот және Халықаралық төрелік орталық, қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті, Тех Хаб, Жасыл қаржы орталығы және т. б. жұмысымен танысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Атап өтілгендей, АХҚО-ның бюджеттік өтінімі жыл сайын қысқарады, ал Орталық органдары мен олардың ұйымдары, сондай-ақ АХҚО қатысушылары төлейтін салықтардың көлемі өсуде. Осылайша, 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Орталық органдары мен олардың ұйымдарынан, сондай-ақ АХҚО қатысушыларынан мемлекеттік қазынаға түсетін салықтардың көлемі 17 млрд теңгеден асты. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 20 млрд теңгеге жетеді және тиісінше АХҚО-ның соңғы екі жылда мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатының көлемін жабады деп күтілуде.

Сапар қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлар палатасының басшылығымен АХҚО қызметіне жоғары баға берілді, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкестіктің маңыздылығы атап өтілді.

Источник: dknews.kz