үй Әлем жаңалықтары Роман Скляр ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті

Роман Скляр ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті

19
0

238 rob

Роман Скляр ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы Ойген Шмидт басқаратын ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сонымен қатар талқылауға депутаттар Томас Барайсс, Кристиан Горке, Кристиан Шрайдер, ГФР-дің Қазақстандағы елшісі Моника Иверсен қатысты.

Роман Скляр ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті

Әңгіме барысында тараптар қазақ-неміс сауда-инвестициялық өзара іс-қимылының басым бағыттарын дамыту мәселелерін талқылады, «жасыл» экономика және энергетика саласындағы перспективалы жобалар бойынша пікір алмасты.

Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз саяси диалогты атап өткен Р. Скляр екіжақты тауар айналымының өсіп келе жатқанына және біздің елімізге тартылған тікелей неміс инвестицияларының ұлғайып жатқанына назар аударды.

Өз кезегінде депутаттар ҚР Үкіметі жанындағы Неміс бизнесімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметін жоғары бағалады және ГФР Бундестагының салалық комитеттерінің желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға үлес қосуға дайын екендерін білдірді.

Источник: dknews.kz