үй Әлем жаңалықтары Румыния Президенті Әкімшілігінде Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

Румыния Президенті Әкімшілігінде Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

13
0

1056 rob

Румыния Президенті Әкімшілігінде Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов пен Румыния Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ион Опришордың кездесуі өтіп, оның барысында барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты іс-қимылдар талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, сауда-экономикалық байланыстардың әлеуетін ашу, транзит-көліктік ынтымақтастығын дамытуға белсенді жәрдемдесу, сондай-ақ авиация саласында тәжірибе алмасу және кадрларды даярлау басты талқылау тақырыбы болды. Н. Рүстемов біздің елдеріміз арасындағы ашық және өзара тиімді достық қарым-қатынастар жыл сайын әртараптанатын тауар айналымының ұлғаюына әкелгенін атап өтті.

Өз тарапынан И. Опришор әріптестік деңгейін арттыруға мүдделі болып, Орталық Азиядағы Румынияның маңызды серіктесі Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуда ынтымақтастыққа дайын екенін көрсетті.

Источник: dknews.kz