үй Әлем жаңалықтары Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

44
0

4202 Awrora

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бейресми Саммиті қарсаңында өткен ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

Іс-шараға қатысушылар Ұйымның қызметін жетілдіру және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

Көлік, логистика, коммуникация және климаттық өзгерістерге қарсы күрес сияқты салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы М.Нұртілеу өз сөзінде Қазақстанның «TURKTIME!» ұранымен өтіп жатқан 2023-2024 жылдардағы ТМҰ-дағы төрағалығы туралы айтып берды.

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

Ол сондай-ақ біздің еліміздің Ұйымды одан әрі дамыту және оның әлемдік аренадағы беделін нығайту жөніндегі көзқарасын белгіледі.

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

Отырыс қорытындысы бойынша Мажарстандағы ТМҰ Өкілдік Кеңсесінің Атқарушы директорын тағайындау туралы шешім қабылданды, сондай-ақ ТМҰ Мемлекет басшылары Кеңесінің алдағы отырысы барысында қол қойылатын құжаттар бекітілді.

Саммит қарсаңында ТМҰ Министрлер Кеңесінің отырысы

Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ хатшылығы Стамбул қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстанның бақылаушы мәртебесі бар.

Источник: dknews.kz