үй Әлем жаңалықтары ҰҚШҰ шешімін іздеуде: Қазақстан ауған мәселелері бойынша ынтымақтастыққа шақырады

ҰҚШҰ шешімін іздеуде: Қазақстан ауған мәселелері бойынша ынтымақтастыққа шақырады

77
0

160 rob

ҰҚШҰ шешімін іздеуде: Қазақстан ауған мәселелері бойынша ынтымақтастыққа шақырады

Фотосурет: ҚР СІМ

ҰҚШҰ-ның Ауғанстан бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырысқа Хатшылықтың, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ТҚО, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін алдын-алу дипломатиясының аймақтық орталығы (UNRCCA), Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметінің өкілдері қатысты.

Ауғанстандағы ағымдағы ахуал және оның өңірлік қауіпсіздікке әсері туралы пікір алмасылды.

ҰҚШҰ шешімін іздеуде: Қазақстан ауған мәселелері бойынша ынтымақтастыққа шақырады

Қазақстан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев өз сөзінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ауған мәселесі бойынша ұстанымдарын одан әрі шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті. Ол 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету қарсаңында Қазақстан Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша барлық күш-жігерін салатынын атап өтті.

Источник: dknews.kz