үй Әлем жаңалықтары Стамбул мен Дубай арқылы: 41 қазақстандық Ливаннан эвакуацияланды

Стамбул мен Дубай арқылы: 41 қазақстандық Ливаннан эвакуацияланды

63
0

9427

Стамбул мен Дубай арқылы: 41 қазақстандық Ливаннан эвакуацияланды

Фотосурет: © AP Photo / Hussein Malla

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.

Источник: dknews.kz