үй Әлем жаңалықтары «Тұран» фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

«Тұран» фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

11
0

510 Арман

"Тұран" фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

«Роза Бағланова атындағы Qazaq concert» мемлекеттік концерттік ұйымының және Art Ambassadeurs компаниясының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Елшіліктің қолдауымен «Cortot» залында «Bridge of times» атты концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Тұран" фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

Түркі әлемінің қайталанбас музыкалық бренді болып табылатын этно-фольклорлық «Тұран» ансамблі өзінің 15 жылдық мерейтойын Францияда беретін бірқатар концерттер аясында атап өтуде. Концертке концертмейстер Дина Мирманованың сүйемелдеуімен опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев та қатысты.

"Тұран" фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

"Тұран" фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

Сонымен қатар, концертте әйгілі композитор және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлованың шығармалары орындалды. Іс-шараға Францияда тұратын диаспора, сондай-ақ өнер, саясат, дипломатия, ғылым қауымдастықтарының көптеген өкілдері қатысты.

"Тұран" фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

"Тұран" фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

Бұл ұмытылмас музыка мен эмоцияға толы кеш барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Концерт Францияның басқа қалаларында, соның ішінде Бельфорда, Лионда және ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде жалғасады.

Источник: dknews.kz