үй Әлем жаңалықтары Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

31
0

213 Awrora

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

Антальяда ұйымдастырушысы Түркия Республикасының Тұқым өсірушілер қауымдастығы болып табылатын «Болашаққа арналған тұқым» халықаралық бизнес-форумы өтті. Аталған іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация қатысып қайтты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Вице-министр форумда Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол түрік әріптестеріне Қазақстанда бастапқы тұқым шаруашылығын бірлесіп дамыту қажеттілігін айта отырып, еліміздің АӨК-не инвестиция салуға шақырды. Форумға қатысушылар ҚР Үкіметі тарапынан белсенді жүргізіліп отырған мемлекеттік қолдау шараларына қызығушылық танытты.

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

Панельдік пікірталас қорытындысы бойынша, Қазақстанда түрік кәсіпкерлері үшін бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттары ретінде көкөніс өндіру, бау-бақша өсіру, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын өндіру, жемістер мен көкөністерді өңдеу, қант, кондитерлік өнімдер өндіру, сондай-ақ қант қызылшасын, жемістер мен көкөністерді терең өңдеу өнімдерін өндіру болып көрінетіні айтылды.

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

Сондай-ақ форум қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым өндірушілерімен бірнеше кездесулер өтті. Соның нәтижесінде мақта шаруашылығы, майлы дақылдар өндірісі саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жас ғалым селекционерлердің тағылымдамалары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

Источник: dknews.kz